Туа сала сөйлеген сәби

Туа сала сөйлеген сәби

Израйыл ұрпағынан шыққан Журейж есімді тақуалықпен өмір сүріп, Жаратушыға ғана құлшылық етіп жүреді.Бірде намазын оқып жатқанда, анасы оны іздеп шақырады. Сонда ол жауап берейін бе, намазымды жалғастыра берейін бе деп ойлап болғанша, анасы қарғыс дұға қылып: «О, Құдай! Журейжді жезөкшенің жазасына қалдырмай алма», – дейді. Ана дұғасы алғыс болсын, қарғыс болсын қабыл болады.

Сол ауылда өмір сүрген пасық ниетті екі кісі бәс тігеді. Тіккен бәстері бір әйелді жіберіп, Жүрейжді азғырып, зинаға тарту еді.

Журейждің өзінің оңаша құлшылық жасайтын ғибадатханасы болатын. Әйел оның ғибадатханасына келіп, оны зинақорлыққа азғырады. Ол құлшылығын жасап, бас тартады. Кайтып келе жатып, даладағы бір қойшыны азғырып, одан бала көтереді.

Айы-күні жетіп, бұл өмірге бала келеді. Әлгі әйел жаһанға жария қылып, «Пәлен уақытта мен Журейжді азғырып, міне содан туып алдым», – дейді. Бүкіл ел ашуға мініп, Журейждің ғибадатханасына келіп, оны қиратып, балағаттап кетеді. Журейж болса, Құдайға шүкіршілгін айтып: «Сіздер маған сенбей келіп отырсыздар ма? Онда сәбиден сұрап көріңіздер дейді. Сонда балаға келіп: «Айналайын, сенің әкең кім?» – дегенде, бесіктегі сәби: «Менің әкем қойшы», – деп жауап береді. Жиналған жұрт Журейжден кешірім сұрап,: «Алтыннан ғибадатхана салып берейік», – дейді. Журейж: «Саз балшықтан-ақ соғып беріңдер», – дейді.

Оставить комментарий

Ваш электронный адрес не будет опубликован. Required fields are marked *

*

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>

Scroll To Top